Құс тұмауына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құс тұмауына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасалды

15.01.2014
Құс тұмауына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасалды
ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті туроператорлар мен турагенттерге А(H5N1) вирусты тұмауымен ауырып жатқандардың саны бірқатар елде артып жатқаны туралы ескертеді.
 
Құс тұмауы ауруымен ауырғандардың саны әсіресе, Вьетнамда, Индонезияда, Египетте, Камбоджа мен Қытайда көп.
 
Осыған байланысты комитет туроператорлар мен турагенттерге жоғарыда аталған елдерге барғалы жатқан туристерге қажетті сақтық шаралары мен жеке тазалық ережелерін сақтау туралы хабар таратуға кеңес береді.
 
Сонымен қатар, базарлар мен су қоймаларындағы құстардан аулағырақ жүру, тамақтану үшін құс еті мен жұмыртқаcын рұқсат етілмеген сауда орындарынан алмау керектігі ескертілді.

Хабарламаларға жазылу