Қазақстанда ақбас үйрек «Жыл құсы» болып жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда ақбас үйрек «Жыл құсы» болып жарияланды

14.01.2014
Қазақстанның Биологиялық алуантүрлілікті сақтау қауымдастығы ақбас үйректі «Жыл құсы» деп жариялады.
 
Ол - үйректің аз кездесетін түрі. Ақбас үйрек Халықаралық табиғатты қорғау ұйымының Қызыл тізіміне және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Құстың бұл түрінің заңсыз ату мен балық ауына түсіп қалу салдарынан жойылып кету қаупі бар.
 
Жыл құсы кампаниясының мақсаты –  түрлі акциялар арқылы тұрғындарды құстарды қорғау жұмыстарына тарту, оларға ерекше қамқорлықпен қарау қажеттігін насихаттау. 

Хабарламаларға жазылу