Студенттер сусыз жұмыс істейтін кіржуғыш машинасын ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Студенттер сусыз жұмыс істейтін кіржуғыш машинасын ойлап тапты

14.01.2014
Студенттер сусыз жұмыс істейтін кіржуғыш машинасын ойлап тапты
Аргентинаның екі студенті сусыз жұмыс істейтін кіржуғыш машина ойлап тапты. Бұл туралы «ИТАР-ТАСС» хабарлады.
 
Кардова ұлттық университетінің студенттері Николас Арайя мен Николас Вуксановик бұл өнертабыстарын дипломдық жұмыс ретінде таныстырды.
Олар жоба арқылы қазіргі кезде басты мәселелердің біріне айналған тұщы су тапшылығын шешуге  үлес қоспақ ниетте.
 
Осы мақсатпен Арайя мен Вуксановик жаңа кіржуғыш машинаны құрастыруға кіріскен.  Аздап болса да су қолданатын басқа құрғақ тазалау машиналарынан айырмашылығы -  «Нимбус» машинасы мүлдем су пайдаланбайды. Оған тек табиғи көмірқышқыл газы мен патенттелген экологиялық таза кір жуу құралы қажет.
 
Сонымен қатар, ол электр қуатын да кәдімгі кіржуғыш машинадан гөрі анағұрлым аз жұмсайды. Осылай жуылған киімді кептірудің де, үтіктеудің де қажеті жоқ.
 
Өнертабыстары үшін өнеркәсіптік дизайн саласындағы екі жас маман ең жоғары деген бағаға лайық деп танылды. Олар жаңа кіржуғыш машиналарын патенттеп алды.

Хабарламаларға жазылу