Жылқы жылы жаңалықтарының бірі - қаңтардың бірінен бастап, зейнетақы 9 пайызға өсті.
Ал статистикалық мәліметтерге сәйкес, елімізде қазір 1 миллион 800 мың 56 зейнеткер бар екен. Жалпы, біздің зейнеткерлер үшін бұл таңсық жаңалық емес.
2009 бен 2012 жылдары, яғни дағдарыс жылдары зейнетақыға 25-30 пайызға дейін үстеме қосылса, соңғы екі жылда (2013-2014) 9 пайызға көбейді.
Бүгін Ұлттық арнадан 19.00-де «Заң және біз» хабарын көріңіз. «Зейнетақы туралы Заң» жөнінде толығырақ мағлұмат ала аласыз.