Мен сендерді жақсы көрем, адамдар! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мен сендерді жақсы көрем, адамдар!

12.01.2014
Мен сендерді жақсы көрем, адамдар!

Қазақ телевизиясы мен радиосының ардагері Өмірсерік Кәрібайұлы Жұман дүниеден өтті.

Ол 1950 жылы 1 қазанда Алматы облысы, Алакөл ауданы Көлбай ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Алматыдағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, 1972 жылы тәмамдағаннан соң Алматы облысы Алакөл ауданындағы аудандық радионың редакторы, 1975 жылы аудандық радионың жауапты редакторы болды.

1984 жылы Қазақ телевизиясы әдеби драмалық хабарлар бас редакторы, 1993-1994 жылдары Қазақ телевизиясы «Шарайна» ақпаратты бағдарламалар редакциясының бас редакторы, Қазақ телевизиясы «Орда» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі, 2005 жылы Қазақ радиосы «Шалқар» ұлттық арнасының әдеби сазды бағдарламалар редакциясының редакторы, шолушысы, 2011жылы «Қазақстан» ҰТА бейнеқорының жетекшісі қызметтерін атқарған.

2000 жылы Қазақстан Журналистер Одағының Сәкен Сейфуллин атындағы сыйлығының иегері атанған.

Ө.Жұман 1993-1995 жылдары Елбасы Н.Назарбаевтың АҚШ, Қытай, Ресей, Моңғолия, Англия, Испания, Индия, Украинаға ресми іс сапарлары бойынша «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Жаңалықтар» қызметі үшін «Ассалаумағалейкум, айбынды Америка»,«Шын еліне сапар»,«Ұлан-Батырда өткен екі күн»,«Армысың тұманды Альбион,тәкаппар Мадрид!»,«Сакура гүлдеген шақ» атты арнайы репортаждар дайындаған. Ұлт лидерінің өмір өткелдері туралы 1990 жылы «Нұрсұлтан», «Арманшыл жастық шағым-Украина!», «Теміртау-жасампаз жылдар, жас дәурен!»,«Азаттықтың ақ таңы!» сынды деректі фильмдердің авторы.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының ұжымы марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтады.

Хабарламаларға жазылу