Қазақстандық туристерге Филиппинде демалуға рұқсат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық туристерге Филиппинде демалуға рұқсат берілді

12.01.2014
Қазақстандық туристерге Филиппинде демалуға рұқсат берілді
Еліміздің Индустрия және жаңа технология комитеті азаматтардың Филиппинге баруды шектейтін талаптарын алып тастады, деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан».
 
Халықаралық агенттіктерлің ақпараты бойынша, Филиппинде «Хайян» тайфунынан кейін жағдай біртіндеп жақсарып келеді. Осыған байланысты Индустрия және жаңа технология комитеті Қазақстан Республикасының азаматтарына бұл елге сапарға шығуына рұқсат берді. Тек Лейте және Шығыс Самар аралдарына рұқсат берілген жоқ. Өйткені бұл аралдардың ахуалы әлі де болса қиын.  
 

Алайда Филлиппинде жалпыұлттыққ апаттық режим алынбаған. Бұл елді аралағанда Боракай, Себу, Палаван және Бохоль аралдарындағы туристік аймақтарға шықпаған жөн.

Хабарламаларға жазылу