Астанада тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға көмек көрсетіледі

09.01.2014
Астанада тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға көмек көрсетіледі
Елордада 10 қаңтар-10 ақпан аралығында «Қамқорлық» республикалық акциясы өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы хабарлады.
 
Акцияның мақсаты – тұрмысы төмен, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан, жетім, мүмкіндігі шектеулі, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету және қолдау.
 
Сондай-ақ, балалардың сабаққа әлеуметтік себептермен (киім-кешектің, аяқ киімнің, мектепке қажетті жабдықтардың болмауы) қатыспауының алдын алу.

Хабарламаларға жазылу