Ақтауда техно-роботтардың көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда техно-роботтардың көрмесі ашылды

08.01.2014
Ақтауда техно-роботтардың көрмесі ашылды
Ақтауда Алматы қаласының жекеменшік топтамасынан техно-роботтардың көрмесі ашылды. Техноиндустрияның тың өнімдерін көрсететін экспозиция осымен еліміздің 12-ші қаласында ұйымдастырылуда.
 
Әр елден жиналған 20 роботтан тұратын топтамадағы ең кішкентай құлтемірдің биіктігі - 16,5 см, ал ең үлкені шамамен 50 см шамасында. Роботтар пульт, дауыс және сенсор арқылы басқарылады. Топтамадағы Элвис Пресли аниматронигі арқылы оған микрофон қосып, караоке ретінде де пайдалануға болады.

Хабарламаларға жазылу