Михаэль Шумахердің әйелі мазаламауды өтінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Михаэль Шумахердің әйелі мазаламауды өтінді

08.01.2014
Михаэль Шумахердің әйелі мазаламауды өтінді
Ес-түссіз күйде ауруханада жатқан  автошабандоз Михаэль Шумахердің әйелі Корина бұқаралық ақпарат құралдарына хат жолдады. Хатта 29 желтоқсанан бері ес-түссіз жатқан жұбайының ем алуына бөгет жасамауды өтінген.
 
 «Емдеу кезінде дәргерлерге  ешкімнің бөгет жасамағаны өте маңызды. Біздің отбасымызды тыныштықта қалдырыңыздар» -, деген мәтіндегі хатты ол көптеген БАҚ  бас кеңселеріне жолдаған.
 
Айта кетейік , танымал спортшы бұндай жағдайға 2013 жылдың 29 желтоқсанында Францияда Альпі тауларында шаңғы теуіп жүргенде ұшыраған болатын.

Хабарламаларға жазылу