Қарағанды облысында 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ

06.01.2014
Қарағанды облысында 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ
Қарағанды облысынан Индустрияландыру картасына жалпы сомасы 500 миллиард теңгенің 80 жобасы енгізілді. Онда 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды BNews.kz. Сондай-ақ, «Бизнестің Жол картасы-2020» және «Моноқалаларды дамыту» бағдарламалары бойынша үйлестіру кеңесі 64 және 56 жобаны сәйкесінше мақұлдады.
 
Алайда аталған бағдарламаларды жүзеге асыруда кемшіліктер де жоқ емес. Атап айтқанда, Үйлестіру кеңесіне ұсынылатын жобалар толық пысықталмайды, өндірістік бағыттағы жобалар азайған, тұрғындар бизнесті мемлекеттік қолдау механизмдері туралы жеткілікті құлағдар болмаған.

Хабарламаларға жазылу