Қарағандыда фотожурналистердің көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда фотожурналистердің көрмесі ашылды

06.01.2014
Қарағандыда фотожурналистердің көрмесі ашылды
Қарағандыда фотожурналистердің көрмесі ашылды. Оған әлемге танымал World Press Рhoto халықаралық байқауы жеңімпаздарының туындылары қойылған. Мәдени шараның биылғы тақырыбы - адам құқығы.
 
World Press Рhoto байқауына әлемнің түкпір-түкпірінен 100 мыңға жуық фотожурналист қатысқан. Алайда, Қарағандыдағы көрмеде тек ең үздік деген 150 фото ұсынылған. Әр туындыдан адам құқығы туралы бейнелерді көруге болады.
 
Ұйымдастырушылар көрменің басты мақсаты - күнделікті өмірде адам көзінен таса қалып жататын оқиғаларды халыққа жеткізу дейді.

Хабарламаларға жазылу