Адамзатты 2064 жылы не күтеді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адамзатты 2064 жылы не күтеді?

05.01.2014
Адамзатты 2064 жылы не күтеді?
1964 жылы фантаст-жазушы Айзек Азимов «50 жылдан соң әлем қалай өзгереді?» деген сауалға жауап іздеп, 2014 жылға көріпкелдік жасайды. Оның сымсыз құралдар сияқты көптеген болжамдары қазір шындыққа айналды. Ал 2064 жылы не болады?

«Мен роботпын», «Мәңгіліктің ақыры» сияқты ғылыми фантастикалық туындылардың авторы Айзек Азимов 1964 жылы Нью-Йорктегі дүниежүзілік көрмеге қатысады.
 
Көрме 20-ғасырдың басындағы электрлік құрал-жабдықтарға арналады. Осыдан кейін Азимов «50 жылдан кейін адамзат дамуында қандай өзгерістер болады?» деген сауал төңірегінде ойланып, «2014 жылғы дүниежүзілік көрмеге шолу» атты эссе жазады.
 
Оның 3D-фильмдер, сымсыз тұрмыстық жабдықтар, жүргізушісіз жүретін көліктер, бейнелі экран арқылы қоңырау шалып, кітап оқу, құжат қарау сияқты болжамдары шынымен де жүзеге асты.

Алайда, әлі де қиял қалпында қалған болжамдары да бар. Азимов 2014 жылы адамдардың көбі жердің беткі қабатын ауыл шаруашылығына пайдалану үшін жер астында немесе суда тіршілік етеді деген еді. Ол роботтар бау-бақшаны күтіп-бағады, жол үстінде ұшып жүретін автокөліктер жасалады деген.
 
Азимов 2014 жылы автокөліктер жер бетінен бір метр биіктікте қалқи ұшып жүреді, «бір-біріне соғылмайды» деп болжаған.
 
Азимов өз эссесінде соғыс туралы болжам жасамайды, тек «егер термоядролық соғыс болса, болашақ туралы әңгіме айтудың өзі артық» деп ескертеді. Пирсон онымен келісе отырып, Таяу Шығыс немесе Азияда дүниежүзілік соғыстың басталуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. «Батыстағы оңшыл және солшыл идеологтардың қақтығысы болуы да мүмкін». Оның айтуынша, технологияның жылдам дамуы нәтижесінде кейінгі соғыстардың зияны да орасан болады.

«Өте қорқынышты жағдай орнайды. Соғысқа арналған технологиялар жетерлік. Химиялық, ядролық қарулар мен биологиялық қарулар – сұмдық дүниелер. Қазір нанотехнология арқылы адамдарды жойып жіберетін дүниелер жасалды. Келесі соғыстар расымен де сұмдық болады», - дейді ол.

«2014 жылы адамдар 3D-фильмдер көру үшін үш сағат бойы кезекке тұрады» деген Азимов үй кинотеатрын да болжап кеткен.  Азимовтың эссесінде гендерлік қарым-қатынас туралы ештеңе айтылмайды.

Шынымен де көріпкелдік танытқан Азимов «2014 жылы психология басты медициналық мамандыққа айналады, автоматты технология дамыған сайын адамдар зерігуден зардап шегеді» деген еді.

Азимов «технологияның арқасында адамдардың өмірін ұзарту мүмкіндігі туады, солайша жер бетінде демографиялық мәселе туындайды» деп болжады.

azattyq.org

Хабарламаларға жазылу