Жол жабық! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол жабық!

04.01.2014
Жол жабық!
Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты бүгін 00.50-ден бастап дизельдік және жолаушылар автокөліктері үшін барлық бағыттар бойынша жолдар жабылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
 
Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінудің нашарлауы) өткен жылдың 31 желтоқсанынан  бері «Жақсы-Державинск» (0-34 км) және «Қима-Терісаққан» (0-49 км) бағыттары бойынша барлық көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.

Хабарламаларға жазылу