Қазақ дәстүрлі емшілігінің алтын қоры жаңа кітаппен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ дәстүрлі емшілігінің алтын қоры жаңа кітаппен толықты

06.08.2019

Қазақ дәстүрлі емшілігінің алтын қоры тағы бір жаңа кітаппен толықты. Ғалымдардың сөзінше, "Қазақ емшілігі энциклопедиясы" жинағы бабалар мұрасын жаңғыртуға арналған құнды кітап. Елеулі еңбек халықтық емдеу әдіс-тәсілдерінің әліппелік жиынтығы. Себебі, бұрынғы өткен емшілердің кітаптарында жазылған толымды мұра осында топтастырылып, ғылыми деректермен негізделген. Сондықтан, медицина мамандары мен ауырып ем іздегендер үшін таптырмайтын туынды.

Қайрат Айдарханұлы, медицина ғылымдарының кандидаты:

Біздің қазақтың емі атам заманнан бері жалғасып келе жатыр. Біздің осы байтақ даланы қорғап қалу, қазақ ұлтының осыған дейін жетуінің өзі өзіміздің дербес медицина болғандығы.

 

Нұрлан Асқарұлы

 

Хабарламаларға жазылу