35 Арыс тұрғынына шипажайға жолдама берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

35 Арыс тұрғынына шипажайға жолдама берілді

22.07.2019

Денсаулығына байланысты арнайы есепте тұратын Арыс қаласының тұрғындары өңірдегі түрлі емдеу сауықтыру орнындарында тегін емделетін болады. Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы осы тізімдегі алғашқы 35 азаматқа «Ақсу-Жабағылы» шипажайына жолдама берді. Енді олар 12 күн бойы Алатау бөктерінде дертіне ем алады, тынығып демалады.

Шіліңгір шілдеде таудың салқын самалы мен саф ауасы олар үшін шипалы ем болғалы тұр. Мұндай қамқорлық Арыстағы ардагерлерге де көрсетіліп жатыр. Бүгінде шағын шаһарда 3900-дей зейнеткер тұрады. Тамыз айының соңына дейін олардың 1360-ына емдік сауықтыру орындарына жолдама беріледі.

Айдынбек Нарқабылов, облыстық клиникалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

Таза ауа, емдік шаралары бар. Соларды қабылдайды. 12 күннің ішінде денсаулықтарына қарап, емделуіне мүмкіндіктер бар.

Ғани ҚАЛМАХАН

Хабарламаларға жазылу