Ақмола облысында нәресте өлімі көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында нәресте өлімі көбейген

26.04.2019

Жыл басынан бері 27 сәби шетінеген. Мамандар әр жағдайды жеке талдап, себептерін анықтаған. «Біріншіден, бала туу жасындағы әйелдердің денсаулығы нашар. Олар жүктілікті жоспарлауға немқұрайлы қарайды»,- дейді олар. Соның кесірінен ай-күні толмай босанатындар саны артқан.

Шетінеп кеткен сәбилердің салмағы - 500 грамм, 1 келіге жетпейді. Ал оларды күтуге арналған медициналық құрылғылар жетіспейді. Маман тапшылығы да ахуалды қиындатып отыр. Ал, бар дәрігерлердің заманауи озық халықаралық технологиялармен жұмыс істеуге біліктілігі жетпейді. Бүгінде жағдайды түзеу үшін кешенді шаралар қабылдануда.

Татьяна Сламбекова, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- 700-ден аса медицина қызметкері оқытылды. Республикалық орталықтардан профессорлар, мамандар келіп оқытты. Жоспарға сәйкес медициналық жабдықтар алынды. Онымен қоса, біз облыс бойынша жоспарлау кабинеттерін аштық. Барлық медициналық мекемелерінде, аудандардың бәрінде бар.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу