Отандық дәрігерлер жасанды жүрек салудың жаңа тәсілімен операция жасады

16.04.2019

Елдорадағы №2 көпбейінді қалалық ауруханада тағы бір жаңа операция жасалды. Кардиохирургтер инфарктке шалдыққан науқастардың жүрек қан тамырларын кеңейтті. Жалпы, мұндай операциялар бұған дейін де жасалып жүр. Бүгінгінің ерекшелігі - жүрекке соңғы үлгідегі құрылғы қойылды. Ол төртінші буын стенті деп аталады. Соны құрылғы бітеліп қалған тамырларды ашып, қанның еркін жүруіне мүмкіндік береді.

Операцияны Италиядан келген профессор жасады. Халықаралық шеберлік сабағына қатысу үшін өңірлерден де дәрігерлер келген. Олар шетелдік әріптестерінен операцияның жаңа тәсілін үйреніп алып, өз ауруханаларындағы науқастарға жасайды.

Жалпы, жүрек дерті әлем бойынша бірінші орында. Қазақстанда да солай. Көрсеткіш көбеймесе, азаймай тұр. Қынжылтатыны, жүрек жетіспеушілігі қазір жап-жас қыз-жігіттерден де анықталып жатыр. Егер бүгінгідей операциялар орындалмаған жағдайда науқастар күндердің күнінде инфаркт алады, ал оның соңы мүгедектікке әкеледі.

Қайрат Төлеп, Маңғыстау облыстық ауруханасының кардиологы:

- Бұл дерт жасарып жатыр. Бұрын 40 жастан асқан адамға стент салынатын, қазір 20-30 жасқа жасарып кетті.

Сейіл Мұхаметқалиев, №2 көпбейінді аурухананың кардиохирургия орталығының басшысы:

- Стентті апарудың бірнеше жолдары бар. Созылмалы окклюзия кезінде тамырды ашу керек болады. Ашылған соң стентті тамырдың ішіне орнатастырамыз, тамырға жабысады. 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу