Денсаулық сақтау нысандары тексеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық сақтау нысандары тексеріледі

26.02.2019

Қазақстанда денсаулық сақтау нысандарын тексеру жұмыстары күшейтіледі. Бұл туралы Астанада өткен «Дені сау адамдардың мықты ұлтын қалыптастыру» атты панельдік сессияда айтылды.

Шараға қатысқан министр Елжан Біртановтың сөзінше, еліміздің көптеген өңірінде медициналық мекемелердің тозығы жеткен, ескірген. Мәселен, Алматы облысында 60-тан астам нысанға күрделі жөндеу жүргізу қажет. Алайда, оған жеткілікті қаражат бөлінбеген. Елжан Біртанов алдағы уақытта Денсаулық сақтау министрлігінде тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылайтын комитеттің құрылатынын айтып, дәрігерлердің қызметінің сапасын арттыратынын атап өтті.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу