Түркістан облысындағы Шардара аудандық ауруханасына жаңа медициналық жүйе енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысындағы Шардара аудандық ауруханасына жаңа медициналық жүйе енгізілді

12.02.2019

Жедел медициналық көмек көрсету орталығы былтыр күзде ашылған. Бұл жерде бұрынғыдай науқас алдымен тіркеуге алынып, одан соң әр дәрігердің есігін күзетіп жүрмейді. Бірден төсекке жатқызылып, экспресс зертхана арқылы қажетті сараптамалар жасалады. Сол мезетте диагнозы анықталып, интенсивті терапиялық ем алады. Қажет болған жағдайда шағын хирургиялық орталықта ота жасауға да мүмкіндік бар. Орталықты салуға 15 миллион теңге жұмсалған. Аурухана Шардарадағы 80 мыңға тарта тұрғынға дәрігерлік көмек көрсетеді.    

Мұхаббат Ысмайлова, Шардара аудандық орталық ауруханасының  бөлім меңгерушісі:

- Инсульт жағдайында, жедел уланумен түскен аурулар, жол жарақатымен келетін науқастар көп. Соларға көмектің бәрі бірден осы жерде көрсетіледі.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу