Батыс Қазақстанда қызылша ауруы шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда қызылша ауруы шықты

12.02.2019

Бұл соңғы екі жылда болмаған жағдай. Науқас – 39 жастағы әйел. Ол қаңтарда баласымен бірге Астанада ем алған екен. Өткен айдың аяғында ғана Оралға келген. Айта кетейік, бұдан бұрын ауру ошағы Астана, Атырау, Ақтөбе қалалары мен Алматы облысында тіркелген еді. Ал, өңірде қызылшамен ауырған науқас ең соңғы рет 2015 жылы емделген. Құзырлы органдар аймақта вакцинаның жеткілікті мөлшерде екенін айтады.

Айнагүл Сақпосынова, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Ақпан айының басында науқастың дене қызуы 39,5 градусқа дейін көтеріліп, дәрігерге қаралды. Жөтеліп, тамағының ауырғанын айтты. Үш күннен кейін беті мен денесінде бөртпе пайда болды. Диагнозы расталғаннан кейін науқас дереу жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу