Талдықорғанда онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтауға арналған орталық ашылды

24.12.2018

Бұл - еліміздің денсаулық сақтау саласын цифрландыруға бағытталған бірегей жоба. Радиологиялық-ақпараттық кешен онкологиялық ауруларды алғашқы кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Орталық Алматы облысының 13 емдеу мекемесінің 70-тен астам қондырғыларымен тікелей жалғанған. Жасанды интеллект ол жердегі ақпаратты жедел саралап, рентген суретінен обырдың  бар-жоғын немесе аурудың деңгейі туралы нақты ақпарат береді. Жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде жүзеге асты. Жаңа бағдарламаны түркиялық дәрігерлер қазақстандық мамандармен бірлесе құрастырған. 

Темел Акгюн, компаниялар тобының басқарма төрағасы:

- Аудандық ауруханалардан мәліметтердің бір ақпараттық орталыққа жинақталуы өңірдің ауруханаларын сандық сапаға көшірудің бірегей жолы. Жасанды интеллектті денсаулық сақтау саласында қолдану әлемдік трендке айналып отыр. Алматы облысы осы бағытта жаңа белестерді бағындырып келеді. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу