Қазақстанда әр адамның генетикалық паспорты пайда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда әр адамның генетикалық паспорты пайда болады

22.11.2018

ДНК арқылы жасалатын геномдық  зерттеу жұмыстары тұрғындардың  денсаулығын жақсартуға зор септігін тигізеді. Бұл жайында Астанада басталған «Денсаулық сақтаудағы инновация» деп аталатын халықаралық форумда айтылды. Бұдан басқа, жиында саланы цифрландыру, роботталған хирургия, онкологиядағы инновациялық  жобаларды дамыту жолдары да талқыланды.

Ерекше атап өтетін нәрсе, елімізде онкологиялық аурулармен күресу шаралары оң нәтиже берді. Кешенді жоспардың арқасында қазір бойында қатерлі дерті барлар ерте анықталып, оларды емдеу оңайға түсті.

Келесі жылы онкологияны емдеу шараларына 35 млрд. теңге бөлінеді. Елімізде онкологиямен ауыратын 180 мың науқас бар, оның  650-і - бала. Жылына 36 мың адам ракқа шалдығады екен. Ал, геномдық дербес медицина  осындай ауыр ерттен аулақ болудың кепілі болмақ.  

 

Ажар Төлеғалиева, ҚР ПІБ медициналық орталығы жетекшісінің орынбасары:  

Геномдық персоналдық медицина арқылы болашақта онкологиялық аурумен ауырасыз ба, алдын ала соны анықтауға болады және алып жатқан химиялық препараттар көмектесіп жатыр ма, әлде басқасы керек пе, соны анықтайды.  

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу