«Менің сүйікті дәрігерім» акциясы барысында 168 адам 50 пайыз жеңілдікпен өз бауырын тексертіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Менің сүйікті дәрігерім» акциясы барысында 168 адам 50 пайыз жеңілдікпен өз бауырын тексертіп алды

30.07.2018

«Менің сүйікті дәрігерім». Міне, дәл осындай атауды арқау еткен акция барысында ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығы ауруханасында 168 адам 50 пайыз жеңілдікпен өз бауырын тексертіп алды. Сандарға сүйенсек, әлемде гепатиттің созылмалы вирусын тасымалдаушы 325 миллион адам бар. Яғни, жер бетіндегі әрбір 20-сыншы адам гепатиттің белгілі бір түріне шалдыққан. Гепатиттің А және Е түрлері адам ағзасына тағам, су арқылы енеді.

Ал В, С және Д гепатиттері қан және жыныстық байланыс арқылы жұғады. А гепатиті адам ағзасына ене тұра, ешқандай белгі бермеуі де мүмкін. Уақыт өте келе оның арты бауыр циррозы мен бауырдың қатерлі ісігіне апарады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда гепатиттің созылмалы түрімен 50 мың адам науқастанған.

Бақытжан Бейімбетов, ҚР ПІБ МО ауруханасының бас гастроэнтерологы:

- Жылқының сүтін зерттеп жатырмыз. Оның бауырға жасайтын әсері тамаша.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу