Менингитке қарсы вакцинаға кепілдік жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Менингитке қарсы вакцинаға кепілдік жоқ

07.06.2018

Еліміздегі менингитке қарсы вакцина инфекциялық аурудың В түрінен қорғай алмайды, екпе тек А және С түріне қарсы салынады. Сондықтан да вакцина салдырғанмен, оған 100 пайыз кепілдік жоқ. Бүгін Бас санитариялық дәрігер Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деді. Министрлік өкілінің мәліметінше, елімізге 4600-ден астам вакцина жеткізілген. Бүгінде екпе салдырғандар саны 400-ге жуық. Бір қуантарлығы, соңғы мәліметтерге сай, инфекцияның таралу қарқыны бәсеңдеген. Мәселен, өткен бір аптада Алматыда 13 жағдай тіркелсе, осы аптаның 4 тәулігінде  инфекция жұқтыру дерегі анықталмады. 

Еліміз бойынша 14 адам ауруханадан шықты. Тағы 24-і ем қабылдап жатыр. Есесіне, байланыс орталықтарына, ауруханалардың қабылдау бөліміне келіп, алдын ала қаралып, кеңес алушы тұрғындардың саны артқан. Бас дәрігер бұл жақсы үрдіс екенін айтады, тек оның ойынша вакцинаға  үміт арта берудің қажеті жоқ.

Жандарбек  Бекшин, ҚР Бас санитариялық дәрігері:

- В типі барлық аурудың 30 пайызын құрайды. Вакцина В типінен адамдарды қорғамайды. Ол үшін тағы вакцина алу керек.

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу