Астана медициналық университетінде әйел аурулары талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана медициналық университетінде әйел аурулары талқыланды

13.04.2018

Елімізде репродуктивті жастағы әйелдердің 25 пайызының кіші жамбасында қатерсіз ісік кездеседі. Бұл туралы Астана медициналық университетінің ұйытқы болуымен өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтылды. Мамандар бұл көрсеткішке алаңдаулы. Өйткені, диагностика мен ем шараларының көптігіне қарамастан, аурудың саны азаймай тұр. Сондықтан, жиынға алыс-жақын шетелден мамандар келіп, қазақстандық әріптестерімен және студенттермен тәжірибелерімен бөлісті. Ресейлік мамандар заманауи технологиялардың арқасында мұндай қатерсіз ісіктің алдын алуға немесе оны бастапқы кезінде анықтауға толық мүмкіндік бар деп отыр.

Анна Протасова, Санкт-петербург медициналық академиясының профессоры:

- Қазір медицина саласы қарқынды дамып жатыр. Жаңа технологиялар дәрігерлердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетті. Қатерсіз ісіктерді одан әрі асқындырып алмауға жағдай жасауға болады. Бұл өте маңызды. Қазіргі таңда қатерлік ісік түрлерінің 50 пайызын алдын алуға толық мүмкіндік бар.

 

Франция КСМ

Хабарламаларға жазылу