Құрсақ қуысындағы ісікті елімізде емдеуге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрсақ қуысындағы ісікті елімізде емдеуге болады

14.03.2018

Құрсақ қуысында пайда болған қатерлі ісікті 4-ші дәрежесіне жетсе де, емдеуге болады. Елордадағы Ұлттық онкология және трансплантология орталығына келген америкалық дәрігерлер операцияның тың тәсілін көрсетті. Алдымен іште пайда болған ісікті алып тастайды да құрсақ қуысына жылытылған сұйық дәрі құяды. Мұндай операцияны асқазан, тоқ ішек, жатыр мойнында ісік пайда болса жасайды. Бір апта ішінде шетелдік мамандар отандық дәрігерлермен бірлесе отырып, 5 науқасқа ота жасауды жоспарлап отыр. 

Дэвид Бартлет, Питсбург университетінің профессоры, онколог-хирург:

- Америкада бұл тәсіл 1993 жылдан басталды. Алғашында 5-6 аурухана ғана жасайтын. Қазір оның саны 150-ге жетті. Кейін күллі әлем өз елдерінде қолдана бастады. Біз мұнда келгелі 1 науқасқа жасадық. Операция сәтті өтті. Енді мұндағы дәрігерлер жете меңгеріп алса,  онкоаурумен науқастанушылардың өмірін 5 жылға ұзартуға мүмкіндік туады.

 

Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу