Барлық аурухананы сандық жүйеге көшіру керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Барлық аурухананы сандық жүйеге көшіру керек

04.01.2018

 

Елдегі денсаулық сақтау жүйесін қарқынды дамыту үшін емдеу орталықтарын толық сандық форматқа көшіру керек. Бұл туралы Алматыда өткен жиында Мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева айтты.

 

Депутаттың сөзінше, қазір республикадағы 4 өңір пилоттық жүйе бойынша сандық жүйеге көшкен. Ал, 2018 жылдың соңына дейін барлық аймақты тарту көзделді.

 

Қалалық кардиология орталығының еңбек ұжымымен кездескен депутаттар Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасының іске асуы мен отандық медицинаны дамыту бағытындағы жұмыстармен танысты. Жас мамандармен сұхбаттасып, олардың тұрмысы мен әлеуметтік әлеуетіне қанықты.  

 

Гүлмира Исимбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

Елбасының берген тапсырмасы бойынша «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы жасалып отыр. Біз бүгінде Денсаулық сақтау саласы, ауруханалар ақпараттандыру, сандық жүйеге қалай көшіп жатқанын көруге келдік. Мысалы, 

бір науқасты 7 ауруханадан осында ауыстырады. Сонда сырқат адам басқа ауруханаға жеткенше, ол туралы барлық мағлұмат осы ауруханаға алдын ала түсуі керек.  

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу