Елімізде алғаш рет тері ауруларын емдейтін дәрі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде алғаш рет тері ауруларын емдейтін дәрі шықты

05.12.2017

«Розеофунгин А.С.» деп аталған мазьды микробиология және вирусология институтының ғалымдары ойлап тапты. Институт директоры, академик Амангелді Садановтың айтуынша, бүгінде дүниежүзіндегі әрбір бесінші адам тері ауруына шалдығады. Ғалымдар бұл мәселенің жолын табу үшін институт зертханасында 20 жыл бойы ғылыми-зерттеу жүргізген. Соның нәтижесінде тері ауруларының 39 түріне шипа болатын өнім шықты. Дәрігерлер оны нарыққа шығармас бұрын көп уақыт сынақтан өткізіп, Денсаулық сақтау министрлігінің қолданысқа енгізу туралы рұқсатын алған. «Аталған өнім шетелдік тауармен бәсекелесе алады. Себебі, сапасы жоғары, ал, бағасы импорттық өнімге қарағанда 2-3 есе арзан», - дейді ғалымдар.

Амангелді Саданов, Микробиология және вирусология институтының бас директоры:

- Шет елден келіп жатқан дәрілер бар. Ол дәрілердің көпшілігі емдемейді. Ол дәрілер 30 жыл, 40 жыл бұрын шыққан дәрілер.  Құрамы да химиялық. Сондықтан, бүкіл дүниежүзінде кейінгі 30 жылда шығып тұрған таза биологиялық, құрамы биологиялық химия жоқ таза дәрі осы болды.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу