«Astana Zdorovie-2017» көрмесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana Zdorovie-2017» көрмесі басталды

01.11.2017

Бүгін Астанада денсаулық сақтау жөніндегі 14-ші халықаралық көрмесі басталды. Оған алыс-жақын шетелдерден 80-нен астам компания келген. Көрме бөлімдері медициналық өнеркәсіптік бірнеше секторды қамтиды. Шара барысында медициналық техникалар, ультрадыбыстық, диагностикалық жабдықтар қойылған.

Сондай-ақ, басқа да медициналық жаңа жобалар ұсынылды. Денсаулық сақтау - жалпы әлем бойынша  ең салмақты сала. Сол себепті, осындай шаралар мамандардың тәжірибе алмасуына таптырмас мүмкіндік. Осы көрме барысында да, қатысушылар өзара жобаларын талқылап, ой-пікір алмасты. Көрме 3 күнге созылады.

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу