Астанада онкологиялық есепте 9000 адам бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада онкологиялық есепте 9000 адам бар

26.10.2017

Астана қаласында онкологиялық есепке 9000 мың адам тіркелсе, биыл жыл басынан бері скрининг барысында  1350 адамда қатерлі ісік бар екені анықталған. Бұл туралы бүгін Астанада басталған  «Қатерлі ісіктерді анықтау мен емдеудегі заманауи тәсілдер» атты халықаралық конференцияда айтылды. 

Мамандардың сөзінше, онкологиялық аурулар бірінші кезекте сүт безі мен өкпеде және асқазан органдарында кездеседі. Бұл үрдіс тек Астанада емес, республикада да байқалады. Жиналғандар аталған дерттің алдын алу мен емдеудің соңғы тәсілдерін талқылады. 

Жалпы, қазір қатерлі ісікті алдын ала анықтау  57 пайызға жеткен. Дегенмен, бұл жеткіліксіз. Сондықтан, ерлер мен әйелдерге  6 түрлі органның қатерлі ісігін дер кезінде анықтау үшін 40 жастан кейін тексеріліп тұру өте маңызды екені айтылды. Қазір скрининг бағдарлама бойынша тексерілу жергілікті емханаларда жүзеге асады. 

Мұхтар Төлеутаев, Астана қаласы «Онкология орталығы» МКК бас дәрігері:

 - Ғылыми-практикалық конференция 6 рет өткізіп отырмыз. Биылғы конференция біздің орталықтың 65 жылдығына ұштасып отыр. Бұл конференцияға алыс-жақын шетелдерден   мамандар келеді, біздің еліміздің онкологтары жиналып отыр. 18 онкология орталықтарынан әрқайсысынан делегациялар бар.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу