Алматылық онкологтар құны Израильда 60 мың еуро тұратын күрделі операцияны елімізде тегін жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылық онкологтар құны Израильда 60 мың еуро тұратын күрделі операцияны елімізде тегін жасады

29.09.2017

Әлемде тек израильдық мамандар жасайтын операцияны отандық дәрігерлер Орта Азияда тұңғыш рет қолға алып, сәтті аяқтады. Бүгінде Алматыдағы онкологиялық орталықта лапраскапиялық және тураскапиялық әдістермен осындай операциялардың 10-нан астам түрі жасалады. Оның ішінде бүйрек, өңеш, асқазан, тоқ ішекті минималды инвазиялық хирургиямен емдеу жолдары бар. Бұл оталардың артықшылығы сол, науқас бірден аяққа тұрады және дәрі-дәрмек аз кетеді. Сондай-ақ, жараның іріңдері, асқынуы болмайды.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу