Жамбыл облысында қырым қанды безгегіне қарсы залалсыздандыру шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында қырым қанды безгегіне қарсы залалсыздандыру шаралары күшейтілді

05.07.2017

Арнайы мекемелер тұрғындарды сақ болуға шақырады. Естеріңізге сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын кене шағып, көп балалы ана қайтыс болды. Дәрігерлер науқасқа қырым қанды геморрагиялық қызбасын жұқтырған деп болжамды диагноз қойған. Қайғылы оқиғадан соң марқұммен қатынаста болған 12 адам оқшауланып, ауруханаға жатқызылды. Алайда, олардан қауіпті дерттің белгілері байқалмады. 

Хабарламаларға жазылу