Қызылорда облыстық онкологиялық хосписіне «SOS жүйесі» жобасы енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облыстық онкологиялық хосписіне «SOS жүйесі» жобасы енгізілді

25.02.2016
Қызылорда облыстық онкологиялық хосписіне «SOS жүйесі»   жобасы  енгізілді
Қызылорда облыстық онкологиялық хосписіне еліміз бойынша алғашқы болып «SOS жүйесі» жобасы енгізілді.

Яғни, қатерлі дерттің ең ауыр санатындағы науқастарға жедел көмек көрсету үшін орталық толықтай жаңа жүйемен жұмыс істеуге көшті.

Емделушілердің қоңырауы арнайы мобильді құрылғыға келіп түседі. Мониторға палата нөмірі шығады. Сол арқылы медициналық персонал науқастарға небәрі 20-30 секундтың ішінде тиісті көмек көрсетеді.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу