Алматыда есту-сөйлеу аппаратын ауыстыру операциясы жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда есту-сөйлеу аппаратын ауыстыру операциясы жасалды

15.09.2015
Алматыда есту-сөйлеу аппаратын ауыстыру операциясы жасалды

Есту аппаратының құны 3 миллион 700 мың теңге. Ал, оны 5 жыл сайын ауыстыру кез-келген отбасыға ауыр тиеді. Сондықтан, мемлекет тарапынан 1 миллиард теңге бөлініп, жаңа аппараттар сатып алынды. Көмекке мұқтаж 16 баланың есту аппаратын ауыстыру үшін Австриядан арнайы мамандар келген.

Олар отандық дәрігерлерге құрылғыны қалай орнату керектігі жөнінде тәжірибелерімен бөлісті. Жалпы, елімізде мұндай аппаратқа мұқтаж 1200 адам кезекте тұр.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу