Алматыда медициналық алғашқы көмек жөнінде халықаралық кеңсе ашылды

11.02.2015
Алматыда медициналық алғашқы көмек жөнінде халықаралық кеңсе ашылды

Алматыдағы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бюросының медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан кеңсесі ашылды.

Шараға Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Еуропа өңірлік бюросының директоры Жужанна Якаб пен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице министрі Салидат Қайырбекова қатысты.

Мұндай кеңсенің ашылуы Еуропа аймағында енгізіліп жатқан озық технологияларды меңгеруге, еліміздегі денсаулық сақтаудың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.

Денсаулық сақтау саласындағы екі жақты нақты жобалардың артуына, зерттеулерді, тренингтерді Еуропа өңірі үшін ғана емес, бүкіл әлемнің игілігі үшін жүргізуге қол жеткіземіз, дейді мамандар.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу