Павлодар облысының Луганск ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысының Луганск ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

11.02.2015
Павлодар облысының Луганск ауылында дәрігерлік амбулатория ашылды

Мұнда базалық емдеуден басқа түрлі сараптамалар жасайтын лаборатория бар. 15 медициналық қызметкер жұмыс істейді.

Жеке ғимаратты күрделі жөндеп, керекті құрал-жабдықтар, жиһазбен қамтамасыз еткен жергілікті кәсіпкер тап-тұйнақтай қылып ауылдық әкімдік иелігіне берді.

Аудан әкімі дәрігерлік амбулаторияға компьютер сыйға тартты. Алдағы уақытта урологиялық және рентген-диагностикалық техникалары сатып алынады.

 

Болат АМАНБАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу