Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында мемлекеттік сатып алу саласында тең бәсеке керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында мемлекеттік сатып алу саласында тең бәсеке керек

20.03.2015
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында мемлекеттік сатып алу саласында тең бәсеке керек

Алайда әр елдің заңы мен талабы басқа болғандықтан кедергілер де көп. Осы және өзге де мәселелерді Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің өкілдері Минск қаласында талқылады.

Сондай мәселенің бірі мемлекеттік сатып алу саласына қатысты. Мамандардың айтуынша, қазір бұл бағытта, одаққа мүше мемлекеттердің арасында тең бәсеке жоқ.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердегі мемлекеттік сатып алудың жалпы көлемі 266 миллиард долларға пара-пар. Бұл қомақты соманың басым көпшілігі Ресейге тиесілі.

Алайда, қазір әр елде мемлекеттік сатып алуды жүргізудің тәртібі әртүрлі. Соның салдарынан бір елдің кәсіпкері, екінші елдегі байқауға емін-еркін қатыса алмайды. Сондықтан Еуразиялық экономикалық комиссия қазір осы кедергілерді азайтумен айналысып жатыр.

Аталмыш сервис құрылса, отандық кәсіпкерлер Қазақстанда отырып-ақ, Еуразиялық одақ аумағындағы өзге елдің мемлекеттік сатып алуына қатыса алады. Мамандар 2016 жылдың соңына таман келісімшарттар электронды құжат арқылы беки бастайды, деп отыр. 

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу