Қазақ дәрігерлері әлемді мойындатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ дәрігерлері әлемді мойындатты

15.11.2014
Қазақ дәрігерлері әлемді мойындатты

Бұл Еуропа мен Азия алыптарының Қазақстан медицинасын мойындағанының белгісі. Парижде басталған Халықаралық интеграциялық конгресте жерлестеріміз шетелдік әріптестерімен пікір алмасып, шеберлік сабақтарын өткізді.

Түркия, Қытай, Ресей, Болгария, Германия, Францияның дәстүрлі халық медицинасын жетік меңгерген мықтылары, осымен үшінші рет Парижде Халықаралық интеграциялық конгресте бас қосты. Мақсаты - жаһандану заманында жаңа технологияны дәстүрлі медицинаға енгізіп, одан әрі дамыту мәселелерін талқылау.

Қазақ үкіметінің халық медицинасына қамқоры-әрісі Еуропа, берісі Ресей емшілерін таң қалдырды. Бірі сүлік салып, енді бірі қан алып емдейтін қазақстандық шипагерлердің арасынан көпшілік Әлия Манап өткізген шеберлік сабағына тәнті болды. Ол - Тибет медицинасының сырын меңгерген әлемдегі он ғалымның бірі. Әдісі де ерекше. Алдымен науқастың жанын емдейді. Айтуынша, тәндегі ақау көбіне жанның жайсыз күйінен туындайды. Қазақ қызына тамырын ұстатып, диагнозын білуге адамдар әлемнің түкпір-түкпірінен Парижге арнайы келді.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу