Көз ауруын емдеудің заманауи тәсілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көз ауруын емдеудің заманауи тәсілі

17.10.2014
Көз ауруын емдеудің заманауи тәсілі

Отандық медицина көз ауруын емдеудің заманауи тәсілімен толықты. Бүгін елордада  республикалық Диогностикалық орталық пен Словак елінің «OFTUM» компаниясы келісімшарт бекітті.

Оның негізінде «OFTUM RDC» жобасы іске асып, көзге операция жасау үшін жалпы сомасы  8 жүз мың еуро болатын құрылғылар сатып алынды.

Мамандардың айтуынша, енді олар операцияны жарты немесе 1 сағатта жасай алады. Әрі мұндай операциядан кейін науқас оңалту және ем-дом алу шараларын аса қажет етпейді.

Айдана ҮСЕНБАЙ  

Хабарламаларға жазылу