Әйелден күйдіргінің белгілері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйелден күйдіргінің белгілері анықталды

15.10.2014
Әйелден күйдіргінің белгілері анықталды

Күйдіргіге шалдықты деген күдікпен Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының тұрғыны ауруханаға жатқызылды. Мамандар, егде жастағы әйелге қатерлі дерт малдан жұқты деген жорамал жасап отыр.

Өйткені, денесін  дерт жайламастан бұрын әйел, өз қолымен қой сойған көрінеді. Қазір науқас ауруханаға жатқызылып, толық тексеруден өтуде. Әзірге жағдайы жақсы, ісіктері қайта бастады, дейді дәрігерлер.

Оқиға орнына обаға қарсы мекеменің қызметкерлері барып, сынама алды. Түйнеменің белгілері зейнеткердің туған-туыстары мен ауыл тұрғындарынан табылған жоқ. Диагноз әлі де нақталанатын болады.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу