Елімізде психолог мамандар тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде психолог мамандар тапшы

21.08.2014
Елімізде психолог мамандар тапшы

Қазақстанда жалақының аздығына байланысты психолог мамандар тапшы. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазір республика бойынша бар-жоғы үш жарым мыңдай ғана психолог маманы бар.  Астанада басталған психолог мамандардың IV съезінде осындай өзекті мәселе көтерілді.

Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен келген психотерапевттер мен наркологтар қатысты. Басқосу барысында психология саласындағы кадр даярлау мен алғашқы медициналық көмекке  психикалық денсаулық қызметін ықпалдастыру жайы талқыланды.

Хабарламаларға жазылу