Жаңаөзен қаласында жаңа перзентхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзен қаласында жаңа перзентхана ашылды

08.07.2014
Жаңаөзен қаласында жаңа перзентхана ашылды

Жаңаөзен қаласында жаңа перзентхана ашылды. Жоба құны  2 миллиард теңгеден асады.

Орташа есеппен тәулігіне 13 сәби туылатын шаһар үшін 100 орындық нысан аса қажет болған.

5 қабатты орталықта заманауи құрал-жабдықтардың барлық түрі бар.  Мұнда болашақ аналардың денсаулығына жауапты 17 дәрігер жұмыс істейді.

Жыл соңына дейін білікті мамандар қатары толыға түспек. Жергілікті дәрігерлер мұнда геникологиялық операциялар жасауды да қолға алатын болады.

Айжан Дүйжанова, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:

Перзентхананы көп күттік. Мен екінші балама жүктімін. 2-3 айда осында келіп босанамын деген үміттемін. Жаңа перзентханада жақсы жағдай жасалған. Өте керемет. Жаңаөзен әйелдерінің көптен күткен арманы деп ойлаймын.

Базархан Нұрбасинова, перзентхана директоры:

Жаңаөзен әйелдері геникологиялық операция үшін Алматы, Астана қалаларына баратын. Енді өзімізде емделу үшін барлық жағдайды қарастырып жатырмыз. Мамандарды Ақтөбе, Астана, Алматыда оқытып, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, геникологиялық операциялар жасаймыз.

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу