Ақтаулық сәбиге көмек керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаулық сәбиге көмек керек

03.07.2014
Ақтаулық сәбиге көмек керек

Ақтаулық Ақтоты Жексенбаева әділдік іздеп шырылдап жүр. Қазір 1 жас 3 айға толған баласының мүгедек болып қалғанына дәрігерлер кінәлі дейді.  Ол 5 айлығында кезекті екпе жасатқан соң сәбиінің жағдайы нашарлап, ес-түссіз жансақтау бөлімшесіне түскенін айтады.

Енді баласын шетелде емдету үшін құзырлы орындардан  көмек сұрайды. Ал, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мамандары нәрестенің екпеден мүгедек болғанын жоққа шығарады.

Бала  миға шапқан жұқпалы дерттен төсек тартты дейді. Оған  бірнеше сараптамалардың қорытындыларын айғақ ретінде алға тартуда. Бүлдіршінді Астанадағы республикалық балаларды оңалту орталығында емдету үшін арнайы жолдама берілді. Алайда сәбидің анасы одан бас тартып отыр.

Ақтоты Жексенбаева, арызданушы:

АКДС жеңіл дегесін салдырдым. Мазасы болмай, қызуы көтеріліп, 2-3 күннен соң дәрігерге бардым. Айтқан дәрілерін бердім, көмектескен жоқ. Жедел жәрдеммен ауруханаға түстік. Балам комаға түсті. Енді балам басын ұстамайды, отырмайды, жүрмейді.

Нұрсұлу Мұхамедярова, облыстық Денсаулық сақтау департаментінің бас педиатры:

Екпенің ешқандай қатысы жоқтығының бірінші дәлелі- вакцина еккеннен кейін 3 күн аралығында осындай жағдай кездесетін болса, вакцинадан асқыну деуге болады. Бұл бала 9 күн өткесін ауырды. Бұл баладан басқа 100 бала сол күні екпе алды. Бірде-бірінде асқыну болған жоқ.

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу