Қазақстан дәрігерлері шетелдік мамандардың қатысуынсыз күрделі ота жасады

27.06.2014
 
Елімізде бірінші рет қаза болған адамның бауыры шетелдік мамандарсыз ауыстырылды.
 
Бауыр трансплантациясы - ең күрделі операция. Сондықтан, ол жұмыс осы кезге дейін шетелдік дәрігерлердің көмегімен жүзеге асып келген еді.
 
Естеріңізге салайық, осыдан екі апта бұрын елімізде 5-ші рет жүрек ауыстырылған болатын. Ми өлімі расталған 40 жастағы жігіт ағасы 4 адамға өмір сыйлаған еді.
 
Жүрегі 32 жастағы жігітке, бүйрегі кезекте тұрған екі науқасқа салынды. Ал, бауыры Орал қаласының тұрғыны Бақтылы Ибрашеваның өмірін ұзартты.
 
Ауыр операцияны басынан өткерген науқас қазір өзін жақсы сезінеді. Дәрігерлер оны қатаң бақылауда. 
 
Бақтылы Ибрашева, Орал қаласының тұрғыны:
Квотамен келдім. Донор табыла қалды. Мен күтіп жүрген соң келістім. Бір балам бар, жолдасым, бәрі қуанып жатыр.
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу