Елордада бүгін «Бір тамшы қан - бір адамның ғұмыры» атты акция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада бүгін «Бір тамшы қан - бір адамның ғұмыры» атты акция өтті

21.06.2014
Елордада бүгін «Бір тамшы қан - бір адамның ғұмыры» атты акция өтті
 
Елордада бүгін «Бір тамшы қан – бір адамның ғұмыры» атты акция өтті. Акцияның негізгі мақсаты - әр адамның санасына қан тапсырудың адам өмірін құтқаруға сеп болатындығын ұғындыру.
 
Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен шарада 90-ға жуық донор қан тапсырды. Қан тапсырушыларға ұйымдастырушылардың атынан кішігірім сыйлықтар табыс етілді.
 
Гүлнар Айтуғанова, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының дәрігер-эпидемиологы:
Астана қаласы көркейіп, медицина мекемелері үлкейіп, саны өсіп жатқандықтан, қанның құрамына деген сұраныс та артқан. Сондықтан, донорлардың өз еріктерімен қан тапсырып жатқаны біз үшін және астаналықтар үшін өте тиімді. 
                                                    
Алтынай БАЙДАҚОВА
Ақбаян САҒЫНҒАЛИЕВА

Хабарламаларға жазылу