Алматы облысында бірқатар дәрігер марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында бірқатар дәрігер марапатталды

14.06.2014
Алматы облысында бірқатар дәрігер марапатталды
Алматы облысында бірқатар дәрігерлер марапатталды. Облыс әкімі барлық емханаға 50 жедел санитарлық автокөліктің кілтін сыйласа, үздік дәрігер атанған Сая Қабдрахмановаға да көліктің кілтін табыс етті. Айта кетейік, медицина саласының әлеуеті жыл сайын артып келеді. Тек биылдың өзінде бұл салаға 71,8 миллиардтеңге қаржы бөлінген. Облыс әкімінің грантымен 76 болашақ дәрігер білім алуда. Биыл тағы 39 медицина мекемесінің құрылысы басталды.
 
Сая Қабдрахманова, қалалық емхананың дәрігері:
Мұндай дәстүр дәрігерлерді еңбекке ынталандырады. Бұған ерекше қуанып тұрмын. Бүгін автокөлікке ие болып отырмын. Бүгін менің отбасым үшін қуанышты күн, автокөлікті игілікке мінеміз деп ойлаймын.
 
Индира БЕГАЙДАР
 
 
 

Хабарламаларға жазылу