Заманауи кадрлар даярлау - басты міндет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заманауи кадрлар даярлау - басты міндет

23.04.2014
Заманауи кадрлар даярлау - басты міндет
Білім мен ғылымды ұштастырып, заманауи кадрлар даярлау - басты міндет. Ақтөбедегі Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінің ұжымы осы ұстанымға ерекше көңіл бөліп отыр.
 
Студенттердің ғылымға бет бұрып, ел экономикасына үлес қосуы үшін халықаралық байланыстарды нығайтты. Оқытушылар мен бірге студенттер Ұлыбритания, Әзірбайжан мен Швециядан келген профессорлармен тәжірибе алмасты.
 
Ағылшын тілінде өткен жиында ақтөбелік студенттер ғылыми жұмыстарымен бөлісті. 
 
Ажар Жексенова, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент:
Шетелдермен байланыс, ғылымды дамыту - еліміздің экономикасын көтереді. Басты мақсат - ғылыми тәжірибе алмасу.
 
Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу