Кадр тапшы, кезекте тұрғандар көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кадр тапшы, кезекте тұрғандар көп

20.03.2014
Кадр тапшы, кезекте тұрғандар көп

ҚР Денсаулық сақтау министрі Павлодарға барды. Салидат Қайырбекова «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Тұрғындармен және медицина мамандарымен пікір алмасып, саланың аймақтағы нақты ахуалына көз жеткізді.

 
Басқа облыстардағы сияқты Павлодардың ауруханалары мен емханаларында да ұзын сонар кезек күтіп тұрғандардың қатары сирейтін емес. Соның салдарынан адамдардың 7-8 пайызы басқа аймақтарға барып емделуге мәжбүр.
 
Мұның басқадай да себептері бар. Айталық, дәрігерлердің біліктілігіне күмәнмен қарайтын кейбір азаматтар көрші Ресейге барып тексеріледі екен. Қазір облыста жасанды жолмен сәби сүйгісі келетін 400-ге тарта отбасы бар. Олардың кейбірі кезек күткелі жеті жылдан асыпты.
 
Министрдің айтуынша, биылғы жылға бөлінген квота саны небәрі 700-ге жуық. Тағы бір өзекті мәселе - Павлодарда дәрігерлер жетіспейді.
 
Салидат Қайырбекова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Кадр тапшылығы мәселесін жедел шешу керек. Ол үшін биылғы түлектерден осы аймаққа 150-ге тарта жас маманға жолдама беріледі. Медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша Павлодарда басқадай күрделі мәселелер жоқ.
 
 
Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу