Дәрігерлер екі жасар қызды құтқара алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрігерлер екі жасар қызды құтқара алмады

05.02.2014
Дәрігерлер екі жасар қызды құтқара алмады
Павлодардағы ес-түссіз күйге түскен екі жасар бүлдіршін қайтыс болды. Бір айдан аса аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан баланы аман алып қалуға білікті дәрігерлердің өзі шарасыздық танытты. Меңсұлу сол күйінше ес жимай кетті. Қазір бұл іс бойынша прокуратура тексеру жүргізіп жатыр. 
 
Естеріңізге сала кетейік, бүлдіршінің алғашқыда іші ауырған. Ауылдық дәрігерлік амбулаторияға әкелген соң жағдайы нашарлап кеткен. Себебі, жергілікті дәрігер диагнозын анықтап алмай, асқазанын шайып, тазартқан. Уақыт өте келе бала есінен айрылған.
 
Осылайша қаңтардың 6-сы күні, аса ауыр халдегі бүлдіршін санитарлық авиация арқылы облыс орталығына жеткізілді. Республикалық клиникалардан білгір мамандар келіп қарады. Бірақ бәріде кеш екен, көмек болмады.
 
Гүлсара Тампишева, облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:  
Бала аса ауыр жағдайда келіп түсті. Шектен тыс кома. Республикалық клиникалардың мамандарымен кеңесіп, қолдан келгеннің бәрін жасадық .
 
 
 
Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу