Қазақстан-АҚШ жастар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-АҚШ жастар форумы өтті

21.08.2019

Елордада Қазақстан-АҚШ жастар форумы өтті. Іс-шарада АҚШ жастар ұйымдарының өкілдері отандастарымызбен тәжірибе алмасып, екіжақты кездесулер ұйымдастырылды.

Форумның мақсаты - қос ел жастары арасында қарым-қатынас орнату. Жиынға екі елдің қауымдастықтарының, әлеуметтік топтар мен студенттік клубтардың ресми өкілдері қатысты. Олар өзара тәжірибе алмасып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдарын талқылады.

Іс-шара аясында «Bolashaq» қауымдастығы, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» және «Kazakhstan Trade Council» үшжақты меморандумға қол қойды.

Кол Лэмбо, студент:

Райс Университетінде Орталық Азия саясатын оқып жатырмын. Соның ішінде Ресей мен Қытай арасындағы байланыста Қазақстанның рөлі тақырыбында зерттеу жүргіземін. Еуразиялық Экономикалық Одақ пен «Бір белдеу, бір жол» жобасының жүзеге асырылу барысына да қызығушылығым бар. Сол себепті осы форумға қатысуға арнайы келдім. Адамдармен танысып, байланыс орнатқым келеді.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу